Еуропаға жол үстінде:
Қазақ скифтері Польшаны баурап алуда

Польшада әйгілі қазақ ақыны, жазушы, саясат және қоғам қайраткері, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы Өкілі Олжас Сүлейменовтың аты аңызға айналған «Қыш кітап» дастанының поляк тіліндегі нұсқасы жарыққа шықты. Варшаваға шығармасының поляк оқырмандарына арналған тұсаукесеріне кітап авторы Париждан арнайы келдi. «Қыш кітабының» Варшава университетінде, Поляк баспасөз агенттігінде және «Польша-Шығыс» Достық Қоғамында презентациялары өткізілді.
Дастанның Қазақстан Елшілігі бастамасымен поляк тілінде шығарылуы 1969 жылы алматылық «Жазушы» баспаханасы арқылы тұңғыш рет жарияланған «Қыш кітабінің» 40-жылдығына орайласты.
«Қыш кiтап» - ішқұз скиф тайпасының басшысы, Ассирия патшалығының қаhарлы жаулап алушысы Ишпакай мен оның тұтқыны, зинақор сұлу Шамхат арасындағы махаббаттың жұмбақ тарихы туралы дастан. Көне өркениеттердің өмірі туралы даналық пен білімнің сарқылмас көзін бейнелейтін О.Сүлейменовтың бұл ақындық еңбегі бізге Ежелгі Шығыстың таң ғажайып жұмбақ әлемі мен оның «табиғи коспмополитизм» дәуірінің контекстіндегі өзектілігін ашады.
Польша жоғары білімінің жалаугері – Варшава Университетіндегі поляк студенттері мен профессорларымен өткен кездесу барысында Олжас Сүлейменов өзінің әдеби шығармашылығымен қатар үстіміздегі жылы жиырма жылдығы атап өтілген «Невада-Семей» ядролық қару-жарақтарға қарсы қозғалыс туралы да айтып өтті. Варшава университетінің жетекшілігі қазақ ақынының поляк студенттері мен барлық елдер жастарының ядролық қарудан бас тартуға шақыру бастамасына қолдауын білдірді.
Олжас Сүлейменов атап өткендей, «2010 жыл Қазақстан бастамасымен Мәдениеттерді жақындырудың халықаралық жылы болып жарияланды. Қазақ және поляк елдерінің жақындасуы, бір бірін әдебиет арқылы тануы осы жерде, Варшавада басталды».
Қазақ ақынының әдеби дарыны мен белсенді азаматтық жолын тұсаукесердің көптеген мейманы атап өтті – арасында Польша Әдебиетшілер Одағының Төрағасы Марек Вавжкевич; О.Сүлейменов шығармашылығын жетік біліп, оған табынатын профессорлар Эугениуш Чаплевич пен Ян Стахурский, басқа да поляк ғалым-филологтары мен шығыс поэзиясының әуесқойлары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, Варшава қаласы әкімшілігінің, поляк сеймі мен дипломатиялық өкілдері бар.
Поляк журналистері, әдеби журналдар редакторлары мен публицистері үшін Поляк баспасөз агенттігінде «Қыш кітабының» арнайы презентациясы өткізілді. Олжас Сүлейменов журналистердің көптеген сұрақтарына жауап беріп, «Поляк радиосына» сауалнама өткізді, сондай-ақ Қазақстанның ядроға қарсы бейбіт бастамалары туралы, әсіресе тамыздың 29 күнін бүкіләлемдік Ядролық қару-жарақты жою күні болып жариялау жөнінде әңгімеледі.
Олжас Сүлейменов «Польша-Шығыс» Достық қоғамында репатрианттар мен қазақ диаспорасы өкілдерінің арасындағы дарынын ізеттеушілермен кездесті. О.Сүлейменов шығармашылығының әртүрлі кезеңінде жазылған атақты өлеңдерін оқып берді.
Қазақстан Елшілігі «Алуандас Қазақстан» фотокөрмесін өткізді.
Түпнұсқасы күрделі өлең түрлерінен тұратын бұл дастанның поляк тіліндегі нұсқасын әзірлеу үшін поляк әдебиетшілері мен аудармашыларының тер төккен еңбегі сіңді.
Польшадағы Қазақстан Елшісі Алексей Волковтың поляк оқырмандарына арналған кіріспе сөзінде ««Қыш кітап» дастаны сөзсіз ХХ ғасыр екінші жартысындағы қазіргі қазақ поэзиясының жарық туындысы, ал оның авторы қызықты және ерекше адам болып табылады. Автор және оның туындысымен танысу поляк оқырмандарына Қазақстан әдеби мәдениетінің жаңа ашылымы болып, Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы түсіністіктің өзіндік бір көпірі болады деп үміттенемін» деп атап көрсетілген.
Олжас Сүлейменовтың Варшавадағы шығармашылық кештері үлкен табыс пен қызығушылықпен өтті. «Қыш кітабының» Шығыс Еуропада шығуымен оқырман ғасырлар тереңіне, мыңдаған жылға кері, ұлы скиф дала тайпалары жаңа мәдениеттер мен елдерді ашқан кезеңдерге жөнелгендей. Дастанның Польшада басылуының сондай-ақ Қазақстанның Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру жылы болып жарияланған 2010 жылы Еуропа Қорғаныс және Ынтымақтастық Ұйымында төрағашылығы қарсаңында терең символикалық мағынасы бар.
«Қыш кітабының» даналары Польша Республиканың кiтапханалары мен ғылыми мекемелеріне, сонымен бiрге Польша Республиканың мемлекеттік органдарына тапсырылады.
Қазақстан Республикасы Польшадағы Елшілігінің
Баспасөз қызметі