Қазақстан Республикасында Еуро-Атлантикалық серіктестіктіктің Қауіпсіздік форумын және Роуза-Рот парламентаралық
семинарын өткізу туралы
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ
(Астана қаласы, 2009 жылғы 24-25 маусым)
2009 жылғы 24-25 маусым Астана қаласында Еуро-Атлантикалық серіктестіктік Кеңесінің (ЕАСК) ІІІ Қауіпсіздік форумы болады.
Форумды Қазақстан Республикасында өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті көтерді және бұны Солтүстік Атлантикалық Кеңес қолдады.
ЕАСК-нің Қауіпсіздік форумы посткеңестік кеңістікте және тұтас алғанда Азия құрлығында алғаш рет өткізілетін болады және 2009 жылы біздің еліміздің аумағында өткізілетін аса ірі іс-шаралардың бірі болып табылады.
Алдыңғы екі форум 2005 жылы Швецияда (Оре қаласында) және 2007 жылы 2007 жылы Македонияда өтті.
Қауіпсіздік форумы өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін ашық және еркін талқылауға арналған бейресми алаң болып табылады. Форумның тақырыбы – «Серіктестік арқылы қауіпсіздікке». Форумның пленарлық сессиясында және тақырыптық мәжілістерінде Орталық Азия мен Кавказ өңірлеріндегі қауіпсіздік мәселелері, Ауғанстандағы ахуал, энергетикалық қауіпсіздік проблематикасы талқыланады.
Форум жұмысына ЕАСК мен НАТО-ның 50 елінен, басқа да мемлекеттерден, бірқатар халықаралық ұйымдардан өкілетті делегациялар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Бұған қоса НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясы 2009 жылы Қазақстанда еуроатлантикалық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері жөніндегі форум – Роуза-Рот парламентаралық семинарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Біздің еліміздің 1992 жылы Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне кіруі Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың басы болды. Ол 1997 жылы Еуро Атлантикалық Серіктестік Кеңесі (ЕАСК) деп өзгертілді.
НАТО-мен саяси дмалогты және әскери ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан 1994 жылғы 27 мамырда «Бейбітшілік үшін серіктестік» (БҮС) бағдрламасына қосылды.
Бүгінде Солтүстік Атлантикалық Альянспен екі жақты ынтымақтастық Президент Н.Назарбаев пен Бас Хатшы Я. де Хооп Схеффер арасындағы НАТО штаб-пәтерінде өткен желтоқсан (2006 ж.) келіссөздерінің нәтижесі бойынша қол жеткен уағдаластықтарға және Мемлекет басшысының НАТО-мен тәжірибелік ынтымақтастықты тереңдету және жандандыру үшін берген нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асады.
ҚР мен НАТО-ның өзара әрекеті қарулы күштердің жекелеген бөлімшелерін, атап айтқанда НАТО стандарттары бойынша «Қазбат»/»Қазбриг» бітімгершілік бөлімшесін дайындау және оларды жарақтандыру, НАТО/БҰҰ мандатындағы халықаралық құтқару және гуманитарлық операцияларға қатысуға қабілетті арнайы құтқару тобын дайындау, шекаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, қарулы күштерді реформалау, сондай-ақ НАТО әлеуетін ғылым, төтенше азаматтық жоспарлау, экологиялық проблемаларды шешу салаларында пайдалану бағыттарында жүзеге асырылады.
НАТО-ның Бас хатшысы Я. де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы НАТО үшін Орталық Азия өңіріндегі негізгі ел болып табылады. Қазақстан – НАТО-ның онымен серіктестік іс-қимылының жеке жоспары шеңберінде қатынас орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз ел.